РУС   ENG

X «Еуразия» ХКФ: Жабылу салтанаты

Автор: Пресс-служба on . Posted in 2023

Алматыда мерейтойлық оныншы «Еуразия» халықаралық кинофестивалі аяқталды.

Республика сарайында өткен салтанатты жабылу кешінде биылғы кинофестивальдің жеңімпаздары мәлімделді. Жүлделер былайша бөлінді:

  • Фестивальдің бас жүлдесі: «Оның жанында» (Израиль) – реж. Асаф Корман
  • Қазылардың арнайы жүлдесі: «Дала үні» (Қазақстан) – реж. Ермек Шынарбаев
  • Үздік режиссура үшін жүлде: «Сәйгүліктер мен адамдар туралы» (Исландия) – реж.Бенедикт Эрлингссон
  • Үздік әйел рөлі үшін жүлде: «Жұлдыз» (Ресей) – актриса Тинатин Далакишвили
  • Үздік ер адам рөлі үшін жүлде: «Мандариндер» (Грузия-Эстония) –картинаның актерлік ансамблі
  • ФИПРЕССИ қазыларының жүлдесі: «Шытырман оқиға» (Қазақстан) – реж. Нариман Төребаев
  • НЕТПАК қазыларының жүлдесі: : «Шытырман оқиға» (Қазақстан) – реж. Нариман Төребаев
  • Көрермен көзайымы жүлдесі: «Үйге қайтар жол» ( Қазақстан) – реж. Рашид Сүлейменов
  • Әлемдік киноөнерінің дамуына үлес қосқаны үшін жүлде – режиссер Коста-Гаврас
  • Әлемдік фестиваль қозғалысын қолдау мен насихаттау үшін жүлде– Вольфганг Спиндлер (Евроньюс)

Жабылу салтанатына екі мәрте «Оскар» сыйлығының иегері Коста-Гаврас, режиссер Ромен Гаврас, режиссер Чак Рассел, ресейлік кино жұлдыздары Александр Панкратов-Черный, Ивар Калныньш және Александр Тютин және қазақстандық кинематограф жұлдыздары қатысты.

Жабылу салтанаты Х «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің жеңімпазы атанған, Асаф Кофманның «Оның жанында» картинасының көрсетілімімен аяқталды.

Фото