РУС   ENG

Қазылары

  • Асанәлі Әшімов

    Кинорежиссер, актер

    1937 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам ауылында дүниеге келді. Құрманғазы ат. Қазақ мемлекеттік консерваториясының актерлік факультетін бітірді (1961). Студент кезінде «Ботагөз», «Асау Ертіс жағасында» фильмдеріне түсті. Институтты бітіргеннен кейін «Қазақфильм» киностудиясының штатына қабылданды. Онда актердің қарқынды кинематографиялық қызметі басталды. 1964 жылы А. Әшімов М. Әуезов ат. Қазақ академиялық драма театрына ауысты. Осы театр сахнасында жұмыс істеген жылдарда елуден астам рөл ойналды. А. Әшімовтің сахна мен кинода жасаған әрқырлы образдарында тұлға кесектігі басым болып келеді. Оның кейіпкерлері мақсат қойғыштығымен, рухының күштілігімен және көпқырлы сахналық тартымдылығымен қызық. А. Әшімов эпикалық және тарихи рөлдерді, қазақ классикалық драматургиясы рөлдерін орындау барысында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бұл – Шуақ (М. Әуэзовтің «Қобыландысы»), Қодар (Ғ. Мүсіреповтің «Қозы-Көрпеш – Баян Сұлуы»), Кебек (М. Әуэзовтің «Еңлік – Кебегі»), Еламан (Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тері»), Сырым Датов (Ғ. Мүсіреповтің «Болашаққа аманаты») пен басқа да бірқатар рөлдер. Театр қоюшысы-режиссері ретінде А. Әшімов Н. Гогольдің «Ревизорын», Ғ. Мүсіреповтің «Амангелдісін», И. Оразбаевтың «Мен ішпеген у бар масын?», Саадам Ваннустың «Сұлтан болсам егер менін» және т.б. қойды. Ж. Шанин атындағы Шымкент облыстық театрында ол «Сұлтан да мәңгі жасамайды» спектаклін, Ғ. Мүсірепов ат. Республикалық жасөспірімдер театрында «Күн астындағы Күнікей» спектаклін (А. Сейдімбектің қатысуымен) қойды. А. Әшімовке үлкен танымалдылықты «Атаманның ақыры», «Қыз-Жібек», «Транссібір экспресі», «Сіз кім, Ка мырза?» фильмдерінде ойнаған рөлдері сыйлады. Әшімов кино режиссері ретінде де жарқырап көрінді. Ол «Айдаһар жылы», 4 сериалы «Аты аңызға айналған Шоқан» («Шоқан Уәлиханов») фильмін түсірді, Қазақ КСР-ның мемлекеттік сыйлығын иеленді. Өзінің «Елімай» атты киностудиясында «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» фильмін түсірді.

    КСРО-ның халық әртісі (1980), Қазақ КСР-ның мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972), КСРО-ның мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974), «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының иегері (2000). КСРО кинематографистері одағының мүшесі (1961). Профессор. «Шәкен жұлдыздары» Алматы кинофестивалінің президенті.


    Цзя Чжанкэ

    Режиссер, сценарийші, продюсер

    1970 жылы Қытайдың Шаньси провинциясында, Фэньянда дүниеге келді. Пекин киноакадемиясының кино және сахналық өнерді зерттеу факультетін бітірді (1993). 1995 жылдан бастап, киносценарийшісі болып жұмыс істей бастайды. Қазіргі таңда Пекинде тұрады. 1998 жылы оның алғашқы «Сяо У» көркем фильмі Вольфанг сыйлығын, 48-ші Берлин халықаралық кинофестивалінің Нетпак сыйлығын, Жаңа кино халықаралық форумының сыйлығын алған болатын. 2006 жылы «Натюрморт» фильмі үшін Цзя Чжанкэ Венециядағы 63-ші халықаралық кинофестивальде «Алтын арыстанды» және 2008 жылы Лос-Анджелестің киносыншылары қауымдастығынан Үздік шетелдік фильм үшін марапат алды. «Нью-Йорк Таймс» Цзяны «қазіргі киноның жасы 40-тан төмен үздік режиссері» деп атады. Цзя сонымен қатар Cinéfondation пен 2007 жылғы Канн халықаралық кинофестиваліндегі қысқаметражды фильмдер байқауы қазыларының президенті болды. Онан басқа, Цзя Чжанкэ 2007 жылы Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда жас әлем көшбасшыларының бірі атанды. 2008 жылы ол Довилдегі Азиялық фильмдер фестивалінде жүлде алды. Дәл сол жылы «TheGuardian» Цзя Чжанкэні «жер бетін құтқара алатын 50 адамның» қатарына қосты. 2009 жылы ол Францияның Өнер және Әдебиет орденімен марапатталды және Лас Пальмас Гран Канария кинофестивалінің марапатын алды. 2010 жылы халықаралық Торонто кинофестивалі оны «Онжылдықтың үздік режиссері» жүлдесімен марапаттады. Дәл сол жылы ол Локарнодағы 63-ші кинофестивальде Леопардты алды. 2022 жылы 66-шы Канн халықаралық кинофестивалінде ол «Күнәға бару» фильмі үшін үздік сценарий үшін жүлдесін алды.


    Андреас Дрезен

    Режиссер

    1963 жылы Шығыс Германияда Герада дүниеге келді. Потсдам-Бабелсбертегі «Конрада Вольфтің» кино және телевизия академиясында режиссуралықты оқыды. Германияның аса құрметті режиссерлерінің бірі. Оның «Жарты жолдағы» гриль-бар» фильмі 2002 жылы Берлин кинофестивалінде күміс аюды, Чикаго кинофестивалінде «Үздік режиссерге» және «Үздік актерлік топқа» жүлдесін, Гент кинофестивалінде «Үздік режиссерге» жүлдесін иеленді. «Тоғызыншы аспанда» фильмі Канн кинофестивалінде «Айрықша көзқарас» секциясында көрермен көзайымы болып (2008), Еуропа киноакадемиясы сыйлығына ұсынылды, «Үздік актриса», «Үздік режиссер» және «Үздік фильм» аталымдарында Неміс киноакадемиясы жүлделерін алды. «Су қосылған виски» фильмі 2009 жылы Карловы Варыдағы ХКФ-да «Үздік режиссерге» жүлдесімен, ал «Өткелектегі аялдама» фильмі 2020 жылы Канн кинофестивалінде «Айрықша көзқарас» секциясында бас жүлдені және 2021 жылы Неміс киноакадемиясының «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік актер» және «Екінші дәрежелі үздік актер» санаттарындағы жүлделерін жеңіп алды.


    Ли Чхан Дон

    Режиссер, сценарийші, жазушы, продюсер

    1954 жылы Оңтүстік Кореяда, Тэгуде дүниеге келді. Кенбук ұлттық университетінде «Корей әдебиеті» мамандығы бойынша білім алды. 1983 жылы өзінің «Чолли» атты алғашқы романын жазды. «Жұлдызды аралға» (1993, реж. Пак Квансу) және «Бір ұшқын» (1995, реж. Пак Квансу) фильмдерінің сценарийлерін жазды. 2000 жылы режиссер ретіндегі тырнақалды туындысы «Жалбыз кәмпитті» түсірді, оның «Оазис» атты фильмі (2003) Венеция кинофестивалінің байқау бағдарламасына кіреді («Алтын арыстанға» ұсынылды, ФИПРЕССИ жүлдесін, SIGNIS жүлдесін, режиссура үшін жүлдесін алды). 2003-2004 жылдары Оңтүстік Кореяның мәдениет және туризм министрі қызметін атқарды. 2007 жылы оның «Құпия жарқырау» фильмі Канн кинофестивалінің байқау бағдарламасына іріктеледі. 2010 жылы оның «Поэзия» фильмі Канн кинофестивалінің негізгі байқауына қатысады («Алтын пальма бұтағына» ұсынылады, үздік сценарий үшін жүлде мен қазылар жүлдесін алды). Ли Чхан Дон режиссура, үздік фильм, үздік сценарий үшін үлес қосқанына «Азиялық Оскардың» (APSA) 3 марапатына лайық деп танылды. 2022 жылы «Хва-Йи» фильмі шығады, онда Ли Чхан Дон продюсер ретінде қызмет етеді. Өзі продюсерлік еткен келесі фильм «Үйімнің алдындағы қыз» фильмі 2023 жылы Канн кинофестивалінде көрсетілді.


    Ольга Дыховичная

    Актриса, продюсер, сценарийші

    Режиссерлер мен сценарийшілердің жоғарғы курстарын бітірді (А. Герман мен С. Кармалитаның сыныптары). Режиссер ретінде бірқатар деректі және телевизиялық фильмдер түсірді: «Мария Бочкарёва. Зовущая на смерть» (2005), «Война в лесах. Позорная тайна Хатыни» (2008), «Чудеса» (2021) және басқалары. Режиссер Ангелина Никонованың бірнеше фильмдеріне продюсерлік етті, оның ішінде «Портрет в сумерках» бар. Онда сценарийшілердің бірі болды. Фильм еуропалық кинофестивальдерде ондаған марапаттар алып, Еуропа киноакадемиясы тарапынан «Жыл жаңалығы» сыйлығына ұсынылды. «Welkome Home», «Турбо», «Диагноз: актер» және т.б. фильмдердің продюсері. Актерлік жұмыстары ретінде «Копейка» (2002), «Вдох/Выдох», «Два дня» (2020), «Портрет в сумерках» (2020) және т.б. фильмдердегі рөлдерін атауға болады. 2010 жылдан бастап, халықаралық «2morrow/Ертең» тәуелсіз кино фестивалін басқарып, «2morrowFilms» кинокомпаниясының негізін қалаушылардың бірі және продюсері болып табылады.

  • Андреа Мартини

    Киносыншы, университет оқытушысы

    1983 жылдан Сиена университетінде кино теориясы мен тарихынан дәріс береді, доцент. 1986 жылы Q.N. (Quotidiano Nazionale) газетінде киносыншы болып жұмыс істей бастайды. Arte үшін «Бергман Бергман арқылы» және «Кинематографистер мен Азаматтар» атты телевизиялық деректі фильмдер түсірді. Венеция халықаралық кинофестивалінің кеңесшісі (1990–1996). Киносыншылардың халықаралық апталығының негізгі өкілі (1997–2005). 1999 жылы Пезаро халықаралық кинофестивалінің директоры болды.


    Биргит Боймерс

    Киносыншы

    Биргит Боймерс – кинотанушы, Аберистуит Университетінің профессоры (Уэльс, Ұлыбритания). Бірқатар мақалалар мен кітаптардың, оның ішінде «Орыс киносының тарихы» (2009) және «Орталық Азия киносы» жинағының (2022) авторы. KinoKultura жүйелік журналының және Studies in Russian and Soviet Cinema ғылыми-зерттеу журналының редакторы.


    Нигора Каримова

    Кинотанушы

    Нигора Каримова – кинотанушы, өнертану ғылымының кандидаты, Өзбекстан Ғылым академиясының өнертану институтының аға ғылыми қызметкері.Ташкент мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1987). 1997 жылы «1960–1990 жылдардағы Өзбекстан көркем киносының жас кейіпкері» деген тақырыпта диссертация қорғаған. 2020–2022 жылдары Ташкент халықаралық кинофорумының бағдарламалық директоры болды.


  • Вонг Так Ченг

    Редактор

    Малайзияның Kelab Seni Filem компаниясының президенті. Малайзияда тәуелсіз студияларда түсірілген шағын бюджетті фильмдерді елге танытып, халықаралық кинофестивальдарға шығаруға көмектеседі. НЕТПАК-тың бас директоры болып жұмыс істеді, қазір сондахатшы болып істейді. Finas, Малайзияның фильмдерді тарату ұлттық корпорациясының директорлар кеңесінің мүшесі. Қазіргі кезде Куала-Лумпурде жеке университетте редактор болып жұмыс істейді.


    Гульбара Толомушова

    Кинотанушы

    ФИПРЕССИ және НЕТПАК мүшесі, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінің кинематография департаментінің кинематографияны дамыту және халықаралық қатынастар бөлімінің жетекші маманы. Қырғыз киносы туралы Қырғызстанда, ТМД елдерінде және алыс шет елдерде жарық көрген көптеген мақалалар мен басылымдардың авторы.


    Сергей Анашкин

    Кинотанушы

    БМКИ кинотану факультетін бітірген (1989). Мақалалары «Искусство кино», «Сеанс» журналдарында, танымал басылымдар мен энциклопедияларда және ғылыми жинақтарда жарық көрген. Ресейдің кинотанушылар Гильдиясы жүлдесінің лауреаты. «Тойук Стеш туралы» атты деректі фильм түсірген (2007). РМКПУ (Ресей мемлекеттік кәсіби-педагогикалық университет) (Екатеринбург) кино тарихынан сабақ береді. Сібірдің этникалық киносы бойынша маманы.