РУС   ENG

Еріктілер үшін

Х Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне еріктілер қажет.

Фестивальдегі жұмыс істеу кезеңі – 2023 жылдың 15-20 қыркүйегі
Талаптар: тіл табысқыштық, креативтілік, дәлдік, жауапкершілік, тәртіптілік.

Міндеттер:

  • Компьютерді, АТ-ны білетін еріктілер: бейнематериалдарды жеңіл-желпі монтаждау, титрлеу, бейнедисктерді жазу, бейнероликтер жасау, фестивальдің баспасөз орталығында компьютерлік және ұйымдастырушылық техникамен жұмыс жасау
  • Ағылшын тілін білетін еріктілер: халықаралық БАҚ пен кинофестиваль қонақтарын қарсы алу, аудармашы қызметтері
  • Қазақ тілін білетін еріктілер: қонақтар мен кинофестиваль қатысушыларын күтіп алу, аудармашы қызметтері
  • Фестивальдің баспасөз қызметіне еріктілер: іс-шараны ұйымдастыруда көмек беру, баспасөз конференциясын өткізуде көмек беру, БАҚ-тармен байланыс

Кинофестиваль аяқталысымен еріктілер кинофестиваль дирекциясынан ұсыныс хат алады. «Еуразия» халықаралық кинофестивалі – бұл әлемдік кинематографияның қызықты, қарқынды іс-шарасына қатысудың, көрнекті кино майталмандары мен халықаралық фестиваль жеңімпаздарын көру мен танысудың таптырмас мүмкіндігі.


Барлық мәселелер бойынша:
Жұртшылықпен байланыс менеджері
Татьяна Безроднаяға хабарласыңыздар
Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Моб.: +7 701 314 79 62