РУС   ENG

Халықаралық байқау

Халықаралық «Еуразия-2023» байқауына он екі толық метражды, ойын картиналары іріктелді. Оның біреуі қазақстандық.

Халықаралық байқау бағдарламасына кірген фильмдерден үзінді

«Тұнық су беті»

Жапония, Ирладия, Франция, Испания (2022) – реж. Наоми Кавасе

Амами-Осима аралында ай толған түні 16 жасар жігіт теңізде қалқып жүрген мәйітті табады. Ол бұл істің құпиясын ашу үшін құрбысынан көмек сұрайды. Жастарға есейіп, өмірдің, махаббат пен өлімнің парқын түсінуге тура келеді...

Фильм 2023 ж. Канн кинофестивалінің негізгі байқауына қатысты.

«Тастағы естеліктер»

Ирак, Германия (2023) – реж. МехметАктас, Шафкат Амин Корки

Иракта Саддам Хусейннің патшалығы құлағаннан кейін екі дос Хусейн мен Алан күрт геноциді туралы фильм түсіруге бел буады. Алайда соғыстан кейінгі Күртстанда фильм түсіру оңай шаруа емес. Оның үстіне, олар басты рөлге актриса таба алмай дал болуда.
Кездейсоқ олар керек қызды табады. Ол жас, сымбатты әрі олардың жобасына қызығушылық танытады. Алайда қыздың өз басына биілігі жүрмейді. Оның бауыры мен ағасы оның өмірін бақылауға алған.
Алтыннан қымбат уақыттары мен ақшаларын жұмсай отырып, достар фильмнің түсірілімін аяқтау үшін көптеген қиындықтарды бастан кешіреді.

Фильм 2023 ж. Карловы Вары кинофестивалінің негізгі байқауына қатысты.

«Қиын күн»

Оңтүстік Корея(2023) – реж. Ким Сон Хун

Анасының жаназасынан қайтып келе жатып, арнайы қылмыстар бөлімінің детективі Го Гон Су апатқа ұшырап, нәтижесінде адам өледі. Болған жайт оның бар өмірін құртып, осы күнге дейін жеткен мансабының күлін көкке ұшырары хақ. Өзінің қылмысын жасыру үшін ол қаза тапқанның денесін анасының табытына салады. Бірнеше күннен кейін Гон Су жасаған қылмыс дерегі полицияда тіркеліп, бұл істі тексерумен және айыптыны іздеумен оның әріптесі айналысады. Гон Судың есі шықты. Себебі, әріптесі сол апаттың мән-жайын барған сайын аша түсуде. Ол аз болғандай, Гон Судың өмірін қиындатып қана қоймай, қатесін мойнымен көтерткісі келіп, оның өміріне қауіп төндіретін апаттың куәгері пайда болды...

«Оның жанында»

Израиль (2023) – реж. Асаф Корман

24 жастағы психикалық ауруға шалдыққан сіңлісі Гэбиге қамқор болып жүрген 27 жастағы Рейчел туралы хикая. Әлеуметтік қызмет өкілі Рэйчелді сіңлісін емханаға жатқызуға көндіргеннен кейін қыздың жеке өміріне уақыты бола бастады. Алайда Рэйчелдің сіңлісінен басқа ешкіммен бірге өмір сүріп көрмеуі оның Зохар есімді жігітімен қарым-қатынасында күтпеген жағдайларға әкеп соқты. Фильм 67-ші Канн фестивалінің «Режиссерлер екі апталығы» бағдарламасында көрсетілді.

Фильм Канн фестивалінің «Режиссерлер екі апталығы» бағдарламасында ұсынылды (2023).

«Мандариндер»

Эстония, Грузия (2022) – реж. ЗазаУрушадзе

Картина сюжеті 1992 жылғы Абхаз соғысы кезіндегі Кавказғақонысаударғанэстондықтартуралыбаяндайды. Ұлты эстон қыстақ тұрғындарының бірі орын алып жатқан қақтығыстарда қай тараптікі дұрыс екенін түсінуге тырысады.

«Бота»

Албания, Италия (2023) – реж. Ирис Элези, Томас Логореци

Түрлі оқиғалар орын алып жататын «Бота» дәмханасының өмірінен бір апта.

«Сәйгүліктер мен адамдар жайлы»

Исландия, Германия, Норвегия (2022) – реж. Бенедикт Эрлингссон.

Вернардурарақ пен Джарпур атты атын жақсы көреді, ал орыстардың балық аулайтын кемесінен түскен Генгис Джарпур сияқты сәйгүліктер десе, ішкен асын жерге қояды... Джоаннаға өзінің Родка атты жануарымен өмір сүрген ұнайды, алайда төрт аяқты жануар еркіндікті аңсайды. Хуан исландиялық таулардың биігінен Құдайды тапқысы келеді, ал оған көлік болған серігі әбден шаршап, жанын жай таптыруды қалайды. Осы хикаялардың барлығы немен бітуі мүмкін?

Фильм Сан-Себастьяндағыкинофестивальдеүздікрежиссерлік дебют үшінKutxaмарапатынаиеболды (2022).

«Жұлдыз»

Ресей (2023) – реж. А. Меликян

Фильмде он бестегі жасөспірім айналасындағылардың оны түсінбеуінен зардап шегеді. Нағыз шынайы сезім мен біреуге берілгендік дегенді жаны мұрнының ұшына келгенде ғана сезінген, жас өркөкірек өгей шешесі. Табиғат дарын берген, өмірге деген құштарлығы мол жас актриса. Оларды тағдыр тоғыстырады. Бұл махаббат пен тағдырдың түсіндіруге келмейтін табиғаты, тіршілігіміздің осалдығы туралы хикая.

«Дала үні»

Қазақстан (2023) – реж. Ермек Шынарбаев, Жерар Депардье

Анатоль бала кезінде Қазақстанда болған еді. Ата-анасы ондағы археологиялық қазба жұмыстарына қатысқан. Баланың өзінен үлкен ағасы апаттан қаза табады. Қатты шошынған Анатоль содан кейін мылқау болып қалды. Оған жергілікті бақсы қол ұшын созады. Ол балаға табиғаттың барлық үндерін естуді үйретіп, оны емдейді. Жарты ғасыр өткеннен кейін Парижде Анатоль сол баяғы бақсының немересі Абайды кезіктіреді. Абай атасының өз қабілеттерін Анатольдің бойына дарытқанына сенімді...

«Сауыққой»

Франция (2023) - реж. Мари Амашукели, Клер Бюргер жәнеСэмюэлТейс.

Сюжеттің негізінде күтпеген жерден жуасып, тұрмысқа шығуға бел буған түнгі клубты басқаратын әйелдің өмірі жатыр.

Фильм 2023 ж. Канн фестивалінде екі марапатқа ие болды (Режиссерлік дебют үшін «Алтын камера» және актерлік ансамбль үшін «Айрықша көзқарас»)

«Ереже бұзған ынталылар»

Хорватия (2022) – реж. Томислав Мрсич.

Комедиялық картина театр қойылымының барлық заңдылықтарын бұза отырып, спектакль қоюға бел буған ынталылар тобы туралы баяндайды.

«Тыныш... Қыздар жыламайды»

Иран (2023) – реж. ПоранДерахшанде.

Фильм жас әйелдің өмірін баяндайды. Өмірде оның жолы болған сияқты – сымбатты, табысты күйеужігіті, жақсы көретін ата-анасы бар, тойдың да ауылы алыс емес. Алайда әлдене бұрыс кетті. Ширин мүлдем басқа адамды өлтіреді. Оны өлім жазасы күтіп тұр. Кісі өлтіруші жазасын ала ма және жасырылған қандай құпия?