РУС   ENG

«Еуразия» халықаралық кинофестивалі

Оныншы халықаралық кинофестиваль Алматыда 2023 жылдың 15 және 20 қыркүйегі аралығында өтеді. «Еуразия» ХКФ Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастықтарының федерациясы тарапынан аккредиттеліп, оны Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі және Ш. Айманов ат. «Қазақфильм» АҚ қамқорлығымен «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің бас дирекциясы ұйымдастырады.

Фестиваль бағдарламасы

  • Еуропа және Азия елдерінің ойындық толықметражды фильмдерінің халықаралық байқауы (2022-2023 жылдар) – 12 фильм
  • Шәкен Аймановтың жүз жылдығына орай әзірленген бағдарлама.
  • Қазақы «Жаңа толқынның» 30 жылдығына арналған бағдарлама
  • «Кинокөпір: Шығыс» қытайлық режиссер Цзя Чжангкенің фильмдер ретроспективасы.
  • «Кинокөпір. Батыс» грек-француз режиссері Коста Гаврастың фильмдерінің ретроспективасы
  • «Корейлік кино күндері» бағдарламасы
  • Айрықша жайт
  • Шеберлік сағаттары

Кинофестиваль жүлделері

Халықаралық қазылар алқасы «Еуразия» фестивалінің сыйлық-мүсіншелері мен төмендегідей ақшалай сыйлықтарды табыстайды:

Аталым Сыйақы мөлшері Ескертпе
Үздік фильм үшін бас жүлде $ 15,000 фильм продюсеріне беріледі
Үздік режиссерлік жұмыс үшін жүлде $ 10,000  
Ердің рөлін үздік орындағаны үшін $ 5,000  
Әйелдің рөлін үздік орындағаны үшін $ 5,000  

«Еуразия-2023» кинофестивалінің қазылар алқасының төрағасы қытайлық сценарийші әрі кинорежиссер Цзя Чжангке болмақ. Венеция кинофестивалінің «Алтын арыстанының» иегері және Канн фестивалінің лауреаты.

ОХ Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің регламентімен DOC форматында танысуға болады.