РУС   ENG

Шығыс-Батыс кинокөпірі

«Еуразия» халықаралық кинофестивалінің басты миссияларының бірі – қонақтар мен көрермендерді Еуропа мен Азия сияқты екі бөлек әлемнің алуан түрлі кинематографиялық институттарымен таныстыру.

Негізгі байқаудан басқа, фестиваль аясында дәстүр бойынша «Кинокөпір: Шығыс-Батыс» байқаудан тыс бағдарламасы өтеді. Онда Еуропа мен Азиядағы кино түсіруге деген екі түрлі көзқарас қазіргі заманның көрнекті кинематографистерінің туындыларында көрініс табады.

Биыл «Кинокөпір» бағдарламасына Х «Еуразия» ХКФ қазылар алқасының төрағасы Цзя Чжанкэ қатысады. Авторлық және арт-хаустық кино әлеміндегі әйгілі тұлға, Канн, Берлин және Венеция фестивальдерінің бірнеше мәрте жүлдегері Алматыда «Натюрморт» картинасы мен (2006 жылғы Венеция фестиваліндегі «Алтын арыстанның» иегері) қазіргі Қытайды боямасыз көрсететін, мемлекетік қаржыландыру көмегінсіз түсірілген, қытайлық кинематографтың «алтыншы буынының» мойындалған шедеврі «Платформаны» таныстырады.

«Кинокөпірдің» еуропалық бөлігін кинематограф әлеміндегі кесектігі жоғарыда аталған тұлғадан кем емес, өз картиналарында батыл саяси пікірлер айтудан тайсалмайтын грек-француз режиссері Коста-Гаврас таныстырады. Кинематографист фестиваль қонақтарын Парижге табанын тигізгісі келетін заңсыз келімсектің хикаясын баяндайтын «Жұмақ батыста» туындысымен және Екінші дүниежүзілік соғысы кезіндегі Ватикан мен фашистік Германияның өзара қарым-қатынасын сипаттайтын «Әумин» картинасымен таныстырады. Коста-Гаврастың қос жобасының да түсірілуіне Франция, Германия, Грекия және Румыния сияқты елдердің атсалысуы қуантады. Бұл оларға еуропалық кинематографтың шын мәнісіндегі салмақты туындылары атануға мүмкіндік береді.

«ШЫҒЫС-БАТЫС» КИНОКӨПІРІ бағдарламасына мына фильмдер кірді:
  • «Платформа», Қытай, 2000, реж. Цзя Чжанке,
  • «Натюрморт», Қытай, 2006, реж. Цзя Чжанке,
  • «Әумин», Германия, Румыния, Франция, 2002, реж. Коста-Гаврас,
  • «Жұмақ батыста», Франция, Грекия, Италия, 2008, реж. Коста-Гаврас.