РУС   ENG

Тарих

  • Тарих
  • I «Еуразия» ХКФ, Алматы, 1998 жыл
  • ІІ «Еуразия» ХКФ, Алматы, 2005 жыл
  • ІІ «Еуразия» ХКФ, Алматы, 2005 жыл
  • ІV «Еуразия» ХКФ, Алматы, 2007 жыл
  • ІV «Еуразия» ХКФ, Алматы, 2007 жыл
  • VI «Еуразия» ХКФ, Алматы, 2010 жыл
  • VII «Еуразия» ХКФ, Алматы, 2020 жыл
  • VIII «Еуразия» ХКФ, Алматы, 2021 жыл
  • IX «Еуразия» ХКФ, Алматы, 2022 жыл
  • All Pages

«Еуразия» халықаралық кинофестивалі – ТМД мен Балтық елдері аумағындағы ең маңызды, Халықаралық продюсерлер қауымдастықтарының федерациясы (ФИАПФ) аккредиттеген Орталық Азиядағы жалғыз кинофорум.

2021 жылы Ұлыбританияда шығарылатын «International Film Guide» - «Халықаралық Киногид» жыл сайынғы басылымы «Еуразия» ХКФ әлемнің 35 көшбасшы кинофестивальдерінің қатарына қосты. Фестивальдің концепциясы Батыс пен Шығыс мәдениеті түйіскен елдің геосаяси орналасуына саяды. Сондықтан байқау бағдарламасы Еуропа, Азия, ТМД және ОРталық Азия елдерінің фильмдерін қамтиды.

Жыл сайын «Еуразия» әлемнің 30-дан астам елінен 70-ке жуық фильмді таныстырады. «Қарқынды дамушы қазақ киносы» бағдарламасында жыл бойы түсірілген қазақстандық картиналар түгелдей дерлік көрсетіледі.

Бағдарламалардың жоғары деңгейінің, байқау кинофестивальдеріне қойылатын әлемдік стандарттардың арқасында «Еуразияда» Халықаралық қазылар алқасымен бірге ФИПРЕССИ және НЕТПАК сияқты киносыншылардың беделді қазылары жұмыс жасайды.

«Еуразияның» ең маңызды құраушыларының бірі фестивальдің бизнес-компоненті. Еуропалық және азиялық прдюсерлер мен прокаттаушылар арасындағы байланыстарды дамыту мақсатында қазақстандық және орта азиялық фильмдердің бірлескен өндірісі мен дамуын көздейтін дөңгелек үстелдер өтіп отырады.