РУС   ENG

Ерекше оқиға

«Ерекше оқиға» байқаудан тыс бағдарламасы «Еуразия» кинофестивалі үшін дәстүрге айналды. Жыл сайын халықаралық байқаудың құрметті қонақтары мен қазылар мүшелері фестивальға өздері тікелей қатысқан беделді де қызықты картиналармен келеді. Биыл «Ерекше оқиға» бағдарламасы көрерменді төрт картинамен қуантады.

Осылайша, мысалы ең ықпалды киносыншылардың бірі Тодд Маккарти өзінің «Пьер Риссьен: Кино адам» деректі фильмінде әлемдік кинематографтың ең сырлы тұлғаларының біріне өзіндік көзқарасын көрсетті. Фестиваль қайраткері әрі сыншы Риссьен 70-ші жылдарда азиялық киноның алуан түрлілігін Канн кинофестивалінде таныстырғанымен аты шықты. Оның арқасында әлем Хоу Сяосянь, Эдвард Янг, Чэнь Кайгэ, Чжан Имоу, У Вэй және басқа да есімдерді таныды. Өзінің бүкіл өмірін Риссьен жаңа дарындарды ашуға арнады. Оның еңбегінің арқасында әлемдік киноқауымдастық Роберт Олтман, Фрэнсис Форд Коппола, Джон Бурман, Мартин Скорсезе, Боб Райфельсон, Милош Форман, Квентин Тарантино, Клинт Иствуд, Джейн Кэмпион және басқа да көрнекті кинематографистерді таныды. Биыл Риссьен «Еуразия» кинофестиваліне құрметті қонақ ретінде шақырылды және көрермендерге Тодд Маккарти картинасының арқасында көрнекті кинематографистің еңбегімен танысу мүмкіндігі туады.

Атақты корейлік режиссер Им Квон Тэктің «Самға!» фильмі қазақстандық жұртшылыққа азиялық киноның ең жарық жұлдыздарының бірі, фильмде басты рөлді ойнап, 1989 жылы 16-шы Мәскеу халықаралық фестивалінде үздік әйел рөлі үшін марапатқа ие болған Кан Су-ёнді таныстырады. Осыдан екі жыл бұрын актриса Венеция ХКФ-да үздік әйел рөлі үшін жүлде алды («Суррогат әйел» фильмі, реж. Им Квон Тэк).

Алғаш рет корейлік актер мұндай деңгейлі кинофестивальдің марапатына ие болды. Х «Еуразия» ХКФ қазылар алқасының мүшелері Андреас Дрезен мен Ли Чхан-донның да жұмыстары кем түспейді.


Андреас Дрезен – кино мен телевизия үшін түсірілген фильмдері үшін көптеген сыйлықтарға ие болған Германияның жетекші режиссерлерінің бірі. Оның атақты «Жарты жолдағы» гриль-бар» трагикомедиясы («Ерекше оқиға» аясында көрсетіледі) шынайы өмірді, оның қарапайымдылығын, қиындығы мен болжап болмастығын көрсетеді. Фильм 2002 жылы Берлин фестивалінде көрсетілді. Үлкен жетістікке жетіп, қазылар алқасының бас жүлдесін иеленді.

Корейлік режиссер, сценарийші және жазушы Ли Чхан-донның «Ерекше оқиғаға» арналған фильмдерінен мағынасы аса терең «Поэзия» (2010 ж.) фильмі таңдалды. Ол Канн фестивалінің негізгі байқауына қатысып, үздік сценарий үшін жүлдені және қазылардың жүлдесін алды. Ли Чхан-дон «Үздік фильм», «Үздік режиссер» және «Үздік сценарий» аталымдарында үш мәрте «Азиялық Оскардың» (APSA) жеңімпазы.

«ЕРЕКШЕ ОҚИҒА» бағдарламасының аясында көрсетілетін фильмдер:

  • «Поэзия», Оңтүстік Корея,2010, реж. Ли Чхан Дон,
  • «Самға!», Оңтүстік Корея, 1989, реж. Им Квон Тхэк,
  • «Кино адам», АҚШ, 2007, реж. Пьер Риссьен,
  • «Жарты жолда» гриль бары», Германия, 2002, реж. Андреас Дреззен.