РУС   ENG

Қазақы «Жаңа толқынның» 30 жылдығы

Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының ортасында Мәжит Бегалин, Сұлтан Ахмет Ходжиков, Абдулла Қарсақбаев сияқты отандық кино классиктерін жас режиссерлер алмастырды. Олар өз шығармашылығы аясында өз картиналарының қалыбы пен мазмұнына байланысты тәжірибелер жасаудан қорықпады. Бұл құбылыс әлемдік кинематографта «Жаңа толқын» (француздық «Жаңа толқынға» ұқсап) деп аталып, жетекші сыншылар мен халықаралық кинофестивальдер тарапынан мойындалды.

Дәрежан Өмірбаев, Әмір Қарақұлов, Ардақ Әмірқұлов, Серік Апрымов, Рашид Нұғыманов және басқа да режиссерлер түсірген бірқатар картиналар қазақстандық кинематографтың классикасына айналды. КСРО құлағаннан кейін «Жаңа толқын» режиссерлері тәуелсіз Қазақстанның авторлық және арт-хаустық киносының негізін қалаушыларға айналды.

Оныншы халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің аясында қазақы «Жаңа толқын» ресми түрде өзінің 30 жылдық мерейтойын тойлайды. Бұл оқиғаның арнайы қонағы режиссер Сергей Соловьев болмақ. Оның шеберханасы отандық кинематографтағы ең елеулі құбылыстардың біріне қатысушылардың көп бөлігін шығарған болатын.

Қазақы «Жаңа толқынның» отыз жылдығын тойлау келесідей іс-шараларды қамтиды:

  • «Жаңа толқынның» ең көрнекті картиналарының ретроспективті көрсетілімі
  • Шеберлік сағаттары
  • «Қазақы «Жаңа толқынның» 30 жылдығы» атты байқаудан тыс бағдарламаға енген картиналардың түсірушілерімен шығармашылық кездесулер.

«ҚАЗАҚЫ «ЖАҢА ТОЛҚЫННЫҢ» 30 ЖЫЛДЫҒЫ» бағдарламасына Рашид Нұғымановтың, Абай Қарпықовтың, Ардақ Әмірқұловтың, Әмір Қарақұловтың, Талғат Теменовтің, Дәрежан Өмірбаевтың, Серік Апрымов пен Сергей Соловьевтің фильмдері кірді.

«ҚАЗАҚ «ЖАҢА ТОЛҚЫНЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ» бағдарламасына кірген фильмдерден үзінді