РУС   ENG

Корей киносының күндері

Жылдан жылға «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің ұйымдастырушылары Қазақстан мен басқа елдердің кинематографистері арасындағы байланысты күшейтіп келеді. Атап айтқанда, өткен жылы фестиваль кезінде Ресей және қырғыз кинематографына арналған екі байқаудан тыс бағдарламалар өтті.

Осы дәстүрден биыл да жаңылмады. Оныншы мерейтойлық кинофестиваль аясында Корей кинематографы кеңесі (KOFIC) бастама етіп көтерген корей киносының күндері өтеді.

Аталмыш іс-шараның негізгі міндеті ретінде KOFIC өкілдері қонақтар мен фестивальге қатысушылардың қазіргі корей кинематографының алуан түрлілігімен танысуын, сондай-ақ бірлесіп кино түсіру мүмкіндігін атайды.

«Корей киносының күндері» бағдарламасы:

  • Соңғы жылдарда Кореяда түсірілген ең қызықты бес туындының көрсетілімін,
  • Корейлік режиссерлердің шеберлік-сағаттарын,
  • KOFIC пен Ш. Айманов ат. «Қазақфильм» АҚ арасындағы әріптестік туралы меморандумға қол қоюды қамтиды.

«БҮГІНГІ КОРЕЙ КИНОСЫ» бағдарламасына:

  • «Мойындау», 2023, реж. Ли До-Юн,
  • «Тюи», 2022, реж. Джэ Хан Ким,
  • «Ұрылар», 2021, реж. Донг Хун Чой,
  • «Доңыздар патшасы», 2020, реж. Йон Санг-Хо.

Біздің анықтама: KOFIC ұйымы Корея Республикасының Мәдениет, спорт және ақпарат министрлігінің бастамасымен корейлік кинематографты қолдау және әлемнің түрлі елдеріндегі кино институттарымен ықпалдастық ету үшін құрылды. KOFIC-тің қызметінің арқасында корейлік кинематографистерде Қытайдың, АҚШ-тың, Францияның, Жапония мен т.б. киноиндустриясымен тығыз байланыс орнады. Тәжірибе алмасу бойынша білім алуға, оның ішінде Кореяның кино өнері академиясында, шеберлік сағаттары мен шеберханаларда білім алмасуға үлкен мән беріледі.