РУС   ENG

X «Еуразия» ХКФ: бесінші күн

Автор: Пресс-служба on . Posted in 2023

Х «Еуразия» ХКФ аяқталуға бір қадам қалды. Дәл бүгін кешке Республика сарайында негізгі байқау жеңімпаздарының есімдері аталады.

Фестивальдің соңғы күні де басқа күндері секілді мазмұнды болды. Фестивлаь орталығы өз жұмысын «Жұлдыз» (Ресей) және «Сәйгүліктер мен адамдар туралы» (Исландия) картиналарының түсірушілері қатысқан баспасөз конференциясынан бастады. Исландиялық комедия продюсері Кристоф Тоук жылқының Исландия ұлттық мәдениетінің салмағы бөлігі екенін және «Сәйгүліктер мен адамдар туралы» картинасының елінің бүкіл халқы үшін өзекті екенін айтты.

Тілшілердің айрықша қызығушылығын «Жұлдыз» картинасындағы басты рөлді орындаушы Тинатин Далакашвили тудырды. «Кинотаврда» жұмыс істеген тілшілер сияқты қазақстандық баспасөз де актрисаның кинода оны үлкен болашақ күтетініне сенім білдірді. Тинатиннің өзі кәсіби актриса емес екенін, бастапқыда «Любовь с акцентом» фильмінің эпизодына түсуі керек болғанын, алайда Лесидің рөліне бекітілген актриса түсірілім басталар алдында актерлік құрамнан шыққандықтан, оның орнын иеленуіне тура келгенін айтып берді. Бұл картинада оны «Жұлдыз» фильмінің режиссері Анна Меликян байқайды.

«Жұлдыз» картинасының продюсері Дмитрий Голубничий «Жұлдыз» картинасын Альмодовар туындыларымен салыстыратыны олар үшін мәртебе екенін айтты.

Екінші баспасөз конференциясы ресейлік кино жұлдыздары Ивар Калныньшпен және Александр Тютинмен бірге өтті. Актерлер өздерінің ең танымал рөлдері мен алдағы жобалары туралы әңгімеледі. Үшінші баспасөз конференциясы кезінде тілшілермен екі «Оскар» сыйлығының иегері Коста-Гаврас әңгімелесті. Режиссер өз картиналарында билік пен оның халыққа қарым-қатынасы тақырыбын көтергенін айтты. Онан басқа, Коста-Гаврастың ұлы Ромен Гаврас өзінің болашақ картиналарының бірінің түсіру алаңы ретінде Алматыны қарастырып жатқанын айтып берді.

Соңғы баспасөз картинасында режиссер Чак Рассел мен «Қазақфильм» АҚ президенті тілшілерге тосынсый жасады. «Қазақфильм» киностудиясының голливудтық студиялардың бірімен түсірісетін «Джинн» жобасының концепт-арттары мен суреттері көрсетілді. Қазақстандық тараптан жобаның креативті продюсері «Ине» фильмінің режиссері Рашид Нұғыманов болатыны белгілі болды. Картинаның шабыттану көзінің бірі Астанада үш жылдан кейін өтетін EXPO-2017 көрмесі болмақ. Онда түсіру кезеңінің бір бөлігі өтеді. «Джинн» фильмінің түсірілімі келесі жазға жоспарланып отыр.