РУС   ENG

X «Еуразия» ХКФ: Ашылу салтанаты

Автор: Пресс-служба on . Posted in 2023

Алматыда Х «Еуразия» ХКФ ашылуы болды

Дүйсенбі, 15 қыркүйек күні Республика сарайында мерейтойлық, оныншы «Еуразия» ХКФ-ның ашылу салтанаты болды. Дәстүр бойынша бағдарламаның ресми бөлігі қазақстандық кинематограф жұлдыздары мен фестивальдің құрметті қонақтары жүріп өткен қызыл кілемшеден басталды.

Биылғы «Еуразия» кинофестивалі көрнекті қазақ кинематографисі Шәкен Аймановтың жүз жылдығына орайластырылып отыр. Дәл сол себепті дәстүрлі тұсаукесердің орнына биыл Республика сарайы экранында «Атамекен» картинасы көрсетіліп, салтанаттың көп бөлігі Шәкен Кенжетайұлын еске алуға арналды.

Құрамында Цзя Чжанке, Ли Чхан Дон, Андреас Дрезен, Ольга Дыховичная және Асанәлі Әшімов сияқты әйгілі әлем кинематографистері болған байқау бағдарламасының қазылары, сондай-ақ ФИПРЕССИ және НЕТПАК қазылары мүшесі және фестиваль қонақтары таныстырылғаннан кейін сахнаға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов шығып, Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың лебіздерін оқып берді. Онан басқа, Ахметжан Смағұлұлы ұлттық кинематографты дамытудың маңызын атай отырып, әртүрлі қауесеттерге қарамастан, «Қазақфильм» аумағы тек «Қазақфильм» қажеттіліктері үшін пайдаланылатынын мәлімдеді.

Кештің ең қызық тұсы көптеген отандық кинематографистердің тәлімгері – көрнекті ресейлік режиссер Сергей Соловьевті құттықтау болды. «Еуразия» кинофестивалінің президенті Ермек Аманшаев Сергей Александровичке «Әлемдік кинематографтың дамуына үлес қосқаны үшін» марапатын табыстады.