РУС   ENG

X «Еуразия» ХКФ: Бірінші күн

Автор: Пресс-служба on . Posted in 2023

Дүйсенбіде, 15 қыркүйек күні фестиваль орталығында Х «Еуразия» ХКФ қазылар алқасының мүшелері мен қонақтары қатысқан алғашқы баспасөз конференциялары өтті.

Дәстүр бойынша тілшілермен бірінші болып FIPRESCI және NETPAC қазылары мүшелері кездесті. Кинобаспасөздің халықаралық қауымдастығының (ФИПРЕССИ) атынан биыл киносыншылар Биргит Беймерс және Андреа Мартини, сондай-ақ киносыншы Нигора Каримова келді. Азиялық киноны дамыту қауымдастығының (НЕТПАК) атынан кинотанушылар Гульбара Толомушова мен Сергей Анашкин қатысты.

Бірінші баспасөз конференциясының қатысушылары ФИПРЕССИ және НЕТПАК қазылары жұмысының ерекшеліктері, фестивальдік кино әлеміндегі өзекті беталыстар туралы айтып берді, сондай-ақ байқау бағдарламасының жекелеген қатысушыларына деген көзқарастарын білдірді.

Биргит Беймерс, атап айтқанда, соңғы «Кинотаврда» әйелдер түсірген картиналардың көп болғанын байқады. Бұл ресейлік кинематографтағы жаңа беталыстарды көрсетеді. Олардың ішінде Х «Еуразия» ХКФ халықаралық байқауына кірген Анна Меликянның «Жұлдыз» картинасының орны ерекше.

Сергей Анашкин мен Гульбара Толомушова НЕТПАК қазылары бірінші кезекте кинематографтағы жолын енді бастаған жас режиссерлердің жұмысына мән беретіндерін айтты:

- Марапат оны шын мәнінде қажет ететін режиссерге берілуі тиіс. Бұл әлі ізденісте жүрген жас режиссерлер немесе өзінің шығармашылығында белгілі бір жаңа кезеңді бастан кешіріп жүрген режиссерлер. Сыншылар мақтауын жаудырып, жүлделерге қарық болған мэтр үшін бұл жүлде сөредегі кезекті тұғырша болады, ал жас әрі ізденістегі режиссерлер үшін бәлкім мансабындағы серпіліс болар.

Екінші баспасөз конференциясына Х «Еуразия» ХКФ қазылары – режиссерлер Цзя Чжанке (Қытай), Ли Чхан Дон (Оңтүстік Корея, Андреас Дрезен (Германия), актриса әрі сценарийші Ольга Дыховичная (Ресей) және актер Асанәлі Әшімов (Қазақстан) қатысты.

Көрнекті кинематографистер мен түрлі киномарапаттар лауреаттары өздерінің шығармашылықтары туралы айттты, қазақстандық кинематографқа үлкен қызығушылық танытатындарын білдірді. Атап айтқанда, Андреас Дрезен Эмир Байғазиннің «Үндестік сабақтары» картинасына «Күміс аюды» берген «Берлинале-2022» қазыларының мүшесі болғанын айтып берді.

Ресейлік кинематогограф жұлдыздары Валерий Николаев, Анастасия Мельникова, Жанна Эппле және Мария Берсенева бірінші күннің соңғы баспасөз конференциясында баспасөз өкілдерімен кездесіп, өздерінің кино, театр және телевизиядағы жұмыстары туралы әңгімеледі.

Атап айтқанда, Валерий Николаев Оливер Стоун және Стивен Спилберг сияқты мойындалған Голливуд жұлдыздарымен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісіп, алдағы уақыттағы шығармашылық жоспарларын айтып берді.

Анастасия Мельникова керісінше келісімшарт бойынша міндеттемелеріне байланысты кинодағы алдағы екі жұмысы туралы таратып айта алмады, алайда актерлік мансабын саяси қызметімен қалай қатар алып жүргенін айтып берді. Онан басқа, актриса өз отбасы туралы сұрақтарға жауап берді.

Мария Берсенева мен Жанна Эппле келесі театр маусымында өздері қатысатын жаңа антрепризалық спектакльдер туралы әңгімеледі.