РУС   ENG

Х "Еуразия" ХКФ – барлық киносүйер қауым үшін мереке

Автор: Пресс-служба on . Posted in 2023

Алматыда Х халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне арналған баспасөз конференциясы болып өтті. Тілшілердің сұрақтарына Х «Еуразия» ХКФ ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ермек Аманшев, кинофестиваль директоры Серік Жұбандықов, іріктеу комиссиясының төрағасы Дидар Амантай және бағдарлама директоры Диана Әшімова жауап берді. Ермек Аманшевтың айтуынша, биыл фестивальдің алдын ала іріктеуіне бұрын болмаған өтініш саны келіп түсті – 30 елден 180-нен астам картина. Көрсетілімге 30 картина жіберіліп, негізгі байқауға әдеттегідей 12 картина іріктелді. Іріктеу комиссиясының төрағасы Дидар Амантай: «Біз үшін байқау бағдарламасына іріктеудің басты шарты кино тілі болды. Біз киноөнерін дамытатын фильмдерді қолдауға бел будық».

Баспасөз конференциясының қатысушылары сонымен қатар Х «Еуразия» ХКФ байқаудан тыс бағдарламалары туралы айтып берді. Фестиваль ұйымдастырушылары көрнекті қазақ кинематографисі Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналған іс-шараларға ерекше көңіл бөлді. Мұнан басқа, әңгіме мерейтойлық кинофестивальдің стратегиялық мақсаттары мен міндеттері туралы болды. «Біз фестиваліміз киномен байланысты көптеген мәселелерді шешуге, бірлескен жобаларды талқылауға арналған салмақты іскери алаңға айналуы үшін барлығын жасаймыз» - деді Ермек Аманшаев. «Қазір беделді кинофестиваль іріктеушілері өздері бізге келеді. Биыл біздің фестивальға Канн кинофестивалінің іріктеушілері келеді». Серік Жұбандықов пен Диана Әшімова тілшілерге қазылар құрамы мен фестивальға дайындықтың соңғы кезеңдері туралы айтып берді.

Баспасөз конференциясының суреттері "Мультимедиа" бөлімінде жарияланған. .