РУС   ENG

Шебердің мерейтойына арналған мерейтойлық фестиваль

Автор: Пресс-служба on . Posted in Жаңалықтар

Алматыда 2023 жылдың 15-20 қыркүйек аралығында Х Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді. Фестивальдың ұйымдастырушысы дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігі мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы, Алматы қаласының әкімшілігі болып отыр. Бұл мерейтойлы кинофестиваль ЮНЕСКО-ның ресми күнтізбесіндегі атаулы мерекелердің біріне енген ұлы қазақ режиссері Шәкен Аймановтың жүз жылдығына арналады.

Фестиваль өзінің мерейтойына үлкен жетістіктермен жетті. «Еуразия» әлемдік беделді киноөндіріс – Кинопродюсерлер ассоциациясы Халықаралық федерациясының (FIAPF) аккредитациясынан өткен Орталық Азиядағы жалғыз кинофестивальге айналды. 2021 жылы «International Film Guide» (Ұлыбритания) баспасы «Еуразия» ХКФ-ін әлемдегі 35 көшбасшы кинофестивальдердің тізіміне енгізді.

«Еуразия» кинофестивалінің концепциясы Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің қиылысында орналасқан еліміздің геосаяси жағдайына байланысты туындады. Сондықтан да, фестивальдің байқаулық бағдарламасы Еуропа пен Азияның, ТМД елдерінің таңдаулы кино шығармаларын ұсынады. Биыл халықаралық конкурсқа қатысу мақсатында Қазақстан, Ресей, Франция, Корея, Жапония, Германия, Қырғызстан, Израиль, Бельгия, Өзбекстан, Ирак, Түркия, Индия, Қытай, Малайзия және тағы да басқа мемлекеттерді қоса алғанда 170 кино картина келіп түсті.

«Еуразия – 2023» іріктеу комиссиясының құрамына:

  • Серік АПРЫМОВ, сценарист, режиссер, актер және продюсер, Лениндік комсомол және ҚР кинематографистер одағы премияларының лауреаты, ҚР еңбегі сіңген өнер қайраткері және «Қазақ жаңа толқынының» жарқын өкілі.
  • Ғазиз НАСЫРОВ, сценарист және режиссер.
  • Нариман ТӨРЕБАЕВ, сценарист, режиссер және продюсер (VII «Еуразия» ХКФ ең үздік режиссура жүлдесінің иегері).
  • Журналист-кинотанушы Галина ЛЕОНОВА.
  • Комиссия төрағасы - Дидар АМАНТАЙ, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, жазушы, кинодраматург және Ш. Айманов атындағы «Казақфильм» киностудиясының бас редакторы.

Кинофестивальға он екі картина таңдалып алынды, оның ішінде біреуі – қазақстандық. Фестивальде негізгі конкурстық бағдарламалардан тыс фильмдер де көрсетіледі:

«ШӘКЕН АЙМАНОВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫ» бағдарламасы бойынша «Жамбыл», ҚазССР, 1952, реж. Ефим Дзиган; «Біздің сүйікті дәрігер», ҚазССР, 1957, реж. Шәкен Айманов; «Тақиялы періште», ҚазССР, 1968, реж. Шәкен Айманов және «Атаманның ақыры», ҚазССР, 1970, реж. Шәкен Айманов.

«ШЫҒЫС ПЕН БАТЫС» бағдарламасында «Платформа», Қытай, 2000, реж. Цзя Чжанке; «Натюрморт», Қытай, 2006, реж. Цзя Чжанке; «Аминь», Германия, Румыния, Франция, 2002, реж. Коста-Гаврас және «Шығыстағы жұмақ», Франция, Греция, Италия, 2008, реж. Коста-Гаврас.

«БҮГІНГІ КӘРІС КИНОЛАРЫ» бағдарламасында «Мойындау», 2023, реж. Ли До-Юн; «Тюи», 2022, реж. Джэ Хан Ким; «Ұрылар», 2021, реж. Донг Хун Чой и «Шошқалар патшасы», 2020, реж. Йон Санг-Хо.

«ҚАЗАҚ «ЖАҢА ТОЛҚЫНЫНЫҢ» 30 ЖЫЛДЫҒЫ» бағдарламасында Рашид Нұғманов, Абай Қарпықов, Ардақ Әмірқұлова, Әмір Қарақұлов, Талғат Теменов, Дарежан Өмірбаев, Серік Апрымов пен Сергей Соловьевтердің фильмдері көрсетіледі.

«ЕРЕКШЕ ЖАҢАЛЫҚ» бағдарламасында «Поэзия», Оңтүстік Корея, 2010, реж. Ли Чхан Дон; «Вознесись!», Оңтүстік Корея, 1989, реж. Им Квон Тхэк; «Кино адамо», АҚШ, 2007, реж. Пьер Риссьен және «Гриль бар «На полпути»», Германия, 2002, реж. Андреас Дреззен.

Сондай-ақ, «ҚЫСҚА МЕТРАЖДЫ ФИЛЬМДЕР ТҮНІ» бағдарламасы «ШӘКЕН ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ХКФ-і және «Шәкен Айманов – аңыз адам» (Қазақстан, 2023, реж. Болат Нүсіпбеков) деректі фильмі көрсетіледі.

Фестивальдің ашылу салтанатында «Атамекен» фильмі көрсетіледі.

Бағдарламаларының жоғарылығы мен әлемдік стандартқа сай болғанының арқасында, «Еуразия» кинофестивалінде әлемдік әділқазы алқасымен теңестірілген Еуропа мен Азияның жетекші киносыншылары жұмыс істейді. Сондай-ақ, фестиваль жұмыстарына жетекші халықаралық киноинституттардың басшылары: Францияның Ұлттық кинематографиялық орталығы мен Ресей кино қоры, америкалық Film Finance Inc. қатыстырылды.

Соңғы кездері Қазақстан кинематографтары әлемдік киноөндіріс механизміне қарқынды түрде еніп келе жатыр. Соған байланысты қазақстандық киножобалардың әлемдік нарыққа шығуына жол ашатын бизнес-компонеттер мен фестивальдер, кинофорумдар «Еуразияның» маңызды құрамдас бөліктері болып отыр.

«Еуразиядағы» бірлескен өнімдерді дамыту мақсатында әлемдегі жетекші киноматографистердің қатысуымен дөңгелек үстелдер мен шеберлік сағаттары өткізіледі. Өткен жылы режиссер Чак Рассел («Маска», «Царь скорпионов») мен сценарист Дэвид Францони («Гладиатор», «Король Артур») қатысқан шеберлік сағаттар үлкен жетістікпен өткізілген болатын. «Еуразияға» қатысқаннан кейін Дэвид Францонидің қазақстандық кинематографистердің жобаларына қызығушылық танытқанын атап өткен жөн. Ал, Чак Рассел «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесіп, шартты атауы «Джин» деп аталатын жоба дайындау үстінде.

«Еуразияның» ең белгілі оқиғаларының бірі – жас қазақстандық кинематографистердің продюсерлер мен киностудия өкілдері тарапынан қолдауға ие болатын киножобалар питчингі (көрсетілімі) болды. Питчинг жеңімпаздары да абыройлы кинофестивальдердің жеңімпазы болып табылатынын атап өткен жөн.

Фестивальды ұйымдастырушылар үшін қазақстандық кинолардың әлемдік кино нарыққа сенімді түрде қадам басып келе жатқандығы, сәйкесінше «Еуразияда» көрініс табуы өте маңызды. Отандық заманауи киноларымыздың жетістіктері әлемнің барлық бұрышында мойындалып жатыр. Ұлттық кино айналымға шығып жатқан отандық өнімдеріміздің саны жыл өткен сайын ұлғаюда. Қысқаша айтқанда, бүгінгі киноөндірістің өркендеп жатқандығының бірден-бір көрінісі жоғары дәрежедегі халықаралық «Еуразия» форумының өткізіліп жатқандығы.

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың үнемі қолдауының, сондай-ақ, соңғы жылдары Республика басшыларының қолданып отырған жүйелі өлшемдері қазақстандық кинематографияның қарқынды дамуына барлық жағдайларды жасап отыр.

Өткізілейін деп отырған оныншы мерейтойлы кинофестивальдің негізгі оқиғаларының бірі көрнекті қазақ актері және режиссері, КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың жүзжылдық мерейтойына арналғандығымен ерекшеленеді. Фестиваль аясында Ш.Аймановтың шығармашылығына арналған бірқатар іс-шаралар өткізіліп, соның ішінде шебердің жұмыстарын көрсететін ретроспективті көрсетілімдер, альбом-кітаптың презентациясы, деректі фильмнің премьерасы мен еске алу кеші өтеді. Шәкен Кенжетайұлы Айманов отандық кинематографияда классикалық туындыға айналған «Атамекен», «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште» фильмдерін түсіріп, өзінің барлық шығармашылық өмірін қазақ кинематографиясының қалыптасуына арнады.