
X «Еуразия» ХКФ: Жабылу салтанаты
Алматыда мерейтойлық оныншы «Еуразия» халықаралық кинофестивалі аяқталды.
Республика сарайында өткен салтанатты жабылу кешінде биылғы кинофестивальдің жеңімпаздары мәлімделді. Жүлделер былайша бөлінді:
- Фестивальдің бас жүлдесі: «Оның жанында» (Израиль) – реж. Асаф Корман
- Қазылардың арнайы жүлдесі: «Дала үні» (Қазақстан) – реж. Ермек Шынарбаев
- Үздік режиссура үшін жүлде: «Сәйгүліктер мен адамдар туралы» (Исландия) – реж.Бенедикт Эрлингссон
- Үздік әйел рөлі үшін жүлде: «Жұлдыз» (Ресей) – актриса Тинатин Далакишвили
- Үздік ер адам рөлі үшін жүлде: «Мандариндер» (Грузия-Эстония) –картинаның актерлік ансамблі
- ФИПРЕССИ қазыларының жүлдесі: «Шытырман оқиға» (Қазақстан) – реж. Нариман Төребаев
- НЕТПАК қазыларының жүлдесі: : «Шытырман оқиға» (Қазақстан) – реж. Нариман Төребаев
- Көрермен көзайымы жүлдесі: «Үйге қайтар жол» ( Қазақстан) – реж. Рашид Сүлейменов
- Әлемдік киноөнерінің дамуына үлес қосқаны үшін жүлде – режиссер Коста-Гаврас
- Әлемдік фестиваль қозғалысын қолдау мен насихаттау үшін жүлде– Вольфганг Спиндлер (Евроньюс)
Жабылу салтанатына екі мәрте «Оскар» сыйлығының иегері Коста-Гаврас, режиссер Ромен Гаврас, режиссер Чак Рассел, ресейлік кино жұлдыздары Александр Панкратов-Черный, Ивар Калныньш және Александр Тютин және қазақстандық кинематограф жұлдыздары қатысты.
Жабылу салтанаты Х «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің жеңімпазы атанған, Асаф Кофманның «Оның жанында» картинасының көрсетілімімен аяқталды.